"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Прокурордың 100 кеңесі»

09.02.2017

«№1 НМ» КММ бойынша «Прокурордың

100 кеңесі»  практикалық

кеңестер жинағы негізінде өткізілген іс-шаралар ақпараты.

      2017 жылдың 11-17 қаңтар аралығында «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестер жинағын негізге ала

отырып «№1 НМ» КММ-де төмендегідей іс-шарлар өткізілді.
     11 қаңтар күні информатика пәні мұғалімі Бектурганова Г.Р. ұйымдастыруымен 5-9 қазақ ( сынып оқушыларымен ғаламтор желілеріндегі және телефондағы қауіпсіздік туралы ақпаратпен оқушыларды қамтамасыз ету мақсатымен «Телефон алаяқтарына алданбау жолдары  және өзіңді интернеттегі алаяқтықтан қалай қауіпсіздендіру  қажет»,

 12 қаңтар күні «обеспечение информационной безопасности учащихся в сети Интернет и телефоне» мақсатын негіздей отырып 5-9 орыс сынып оқушыларымен  «Как обезопасить себя от интернет мошенничества и как избежать телефонного мошенничества» тақырыбында әңгімелер өткізді. Әңгіме барысында жеке деректеріңізді сұраған барлық түсініксіз хабарламаларға сенбеу; спамға назар салмау; сіздің электрондық мекенжайыңызға келген барлық күмәнді хаттарды ашпау; ниетінің түзу екендігіне көзіңіз жетпеген адамдарға өзіңіздің дербес деректеріңізді ешқашан бермеу т.б. және телефон арқылы белгісіз біреулердің қоңырауларынан және жіберілген хабарламалардан сақтану туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар мысал ретінде осыған байланысты жағдайлар әңгімеленді. Оқушылар өз

ойларын ортаға салып, пікірлерін айтты.
     14 қаңтар күні мектеп ата-аналарымен «Отбасы үшін» тақырыбында ата-аналар тыңдалымы өтті. Тыңдалым барысында «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестер жинағымен таныстырылды. Сонымен қатар «Отбасыңыз үшін» 10 кеңесіне тоқталып «Өз балаңызды қалай қорғау керек ? Егер балаңыз жоғалып кетсе Баланы ұстап алу кезіндегі оның құқықтары. Кəмелетке толмаған адамға қандай тəрбиелік ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкін?Ата-ана қандай жағдайларда ата-ана құқығынан айырылады? «және т.б.  айтылып өтті.
     17 қаңтар күні мектеп ұжымымен диалогты алаң өткізіліп, «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестер жинағымен толығымен таныстырылды. Мұғалімдер тарапынан қызығушылықтарын білдірді. Сұрақтарын қойып,

пікірлерін айтып жатты.

 

«№1 НМ» КММ директоры                                               А.Жүсіпбек


Орындаған: Т.Мукашева

тел:25025

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст