"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестер жинағы

10.02.2017

«Прокурордың 100 кеңесі»  практикалық

кеңестер жинағы

 

Мақсаты: Мектеп ұжымына «Прокурордың 100 кеңесі»  практикалық кеңестер жинағымен таныстыру.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

 «Биылғы жылы Бес институционалдық реформаны іске асыру басталды, оның

бағыттарының  -  бірі құқықтық мемлекет құру.

Бұл салада прокуратура органдарының рөлі ерекше, себебі барлық басқа құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіре отырып, оларға құқықтық салада үлкен өкілеттіктер берілген. Соңғы жылдар ішінде қадағалау органы ел азаматтарының құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Басты міндет – мемлекеттік және қоғамдық институттардың құқық қорғау әлеуетін арттыру, заңдарды тиімді

қолдану және азаматтармен, шағын және орта бизнес өкілдерімен жүргізілетін күнделікті жұмыста оларды сақтау.

...Азаматтарға олардың құқықтарын, сондай-ақ елімізде қабылданатын заңдардың ережелерін қарапайым тілмен

түсіндірген маңызды...»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ АСАНОВ ЖАҚЫП ҚАЖМАНҰЛЫНЫҢ

АЛҒЫ СӨЗІ

 

Қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың басты алғышарты азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады. Бұл орайда, азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қадағалау қызметінің материалдары негізінде «Прокурордың 100 кеңесі» анықтамалығын әзірледі.

Бұл құралда заң тұрғысынан күнделікті өмірде жиі туындайтын сұрақтарға жауаптар беріледі.

Ұсынылып отырған анықтамалық заңды құрметтеу әдебін қалыптастыруға ықпал ете отырып,  жеке тұлғаның заңды құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау кезінде әрекет етуге нұсқаулық болады деп үміттенемін. 

       Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бастығы Қ.А. Игембаевтың (идея авторы) жалпы редакциялығымен бас прокуратура азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Прокурордың 100 кеңесі» тәжірибелік кеңестер жинағын шығарды.
     «Жинақтың мақсаты – әртүрлі құқықтық жағдайға түскен адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өзінің және жақындарының құқықтары мен мүдделерін қалай қорғау қажеттілігін түсіндіру.
Жұмыс барысында қылмыстық процесс орбитасына түскен дәрменсіз адамдарды жиі кездестіреміз.Бұл олардың заңды, өздерінің құқықтарын, органдардың міндеттерін білме салдарынан туындайтын жағдайлар. Мысалы, жинақта азаматтардың полиция ұстағанда не істеу керектігі, олардың қандай құқықтары бар екендігі, қанша мерзімге ұстауға болатындығы және тағы басқа сұрақтарға жауап бар». Кеңестер жинағының көпшілікке қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында IOS және Android платформаларында «Прокурордың 100 кеңесі» мобильдік қосымшасы құрылды, Бас прокуратураның сайтында арнайы парақша орналастырылды. Сондай-ақ аталған жинақ халық үшін екі тілде Бас прокуратураның сайтында, 115.kz порталында ұсынылған. Жинақтың электрондық нұсқасы заңға немесе құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге байланысты жылдам жаңартылып, жаңа кеңестер қосылып тұрады.

Жинақ тоғыз бөлімнен тұрады. Олар:
10 КЕҢЕС отбасыңыз үшін.
10 КЕҢЕС тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жайлы
10 КЕҢЕС сіздің бизнесіңіз үшін
10 КЕҢЕС еңбек қатынастары бойынша
20 КЕҢЕС құқық қорғау органдарымен қатынаста қажет
10 КЕҢЕС терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде
10 КЕҢЕС алаяқтардан қорғану жайлы
10 КЕҢЕС сот органдарымен қатынастардағы қажет
10 КЕҢЕС өтініш беру кезінде қажет

Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Мукашева Т.Б.

 

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст