"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпарат

14.03.2017

Ақпарат

      Қаңтар-мамыр аралығында мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын

қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастыру, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды  идеяларын кеңіне насихаттау және тарату мақсатында «№1 НМ» КММ-де «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық

балалар бастамасын өткізу  негізінде ұйымдастырылып, алдын-ала  жоспар

құрылды. Жоспар аясында төмендегі іс-шаралар өткізілді.
     Қаңтар айының  9 жұлдызында «№1 НМ» КММ-де мектеп оқушыларына «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты мерекелік жиын өтті. Жиын Қазақстан Республикасының гимнімен басталды.  Мектеп директоры Жүсіпбек Азамат Амантайұлы өз сөзімен жиынды жалғастырды. Өз сөзін ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері  Жүсіп Баласағұнидің өсиетімен бастады “Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің”.
     Жиын барысында оқушыларды  қаңтар-мамыр аралығында өтетін «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасының  жоспарымен мектеп тәлімгері Баймуратова А.Қ. таныстырды. Сонымен қатар мейірімділік жайлы қысқаша тісініктеме беріп, слайдтар көрсетілді.

      Мектеп психологы Кудабаева Г.А. 12 қаңтар күні 5-9 «А» (қазақ) сыныптарымен «Мейірімділік», 12 қаңтарда 5-9 «Б» (орыс) сыныптарымен «Доброта» тқырыптарында әңгіме өткізді.
       Қаңтар айының 17-20  күндері аралығында өзін-өзі тану пәні мұғалімдері оқушылармен «Мейірімділік –асыл қасиет» және  «Поговорим о доброте» тақырырыптарында  тәрбие сағаттарын өткізді. Атап өтсек 3 «А» сынып оқушыларымен Акимова Г.Н. 1,2,4 «А» сыныптарында Тлеубердинова Б.М., 1,3 «Б» сыныптарында Демченко Е.Н.
     Мектеп психологы Кудабаева Г.Н.24  қаңтар күні  мектеп оқушыларымен  «Мейірімділік-ізгіліктің жолы» тақырыбында тренинг сабақ  өткізді. Тренинг барысында оқушылармен тыныштық сәтінен бастап, тақырыпқа сай түрлі ойындар  ойнатты. Сонымен қатар оқушыларға төмендегідей  сұрақтар қойылып, жауапарын

талқылады. -Бaлaлap,ceндep мейірімді болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
-Мейірімділік пен адамгершіліктің  айырмашылығы бар ма?
- Мейірімділік жануарларға тән қасиет пе?
     26 қаңтар күні мектеп кітапханашысы Каржаспаева Г.К.  Әлемді жақсылық жасағың келсе, көп оқы», «Читай, чтобы сделать мир лучше»тақырыптарында 1-4 сынып оқушылары  арасында кітап көрмесі өткізді.

 

«№1 НМ» КММ директоры:                                        А. Жүсіпбек

 

Орындаған: Мукашева Т.Б.
25025

 

 

 

 

Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст