"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпарат «Мейірімділікке-бастар ғажайып әлем», «Мир добра» тақырыптарында шығармалар сайысы

14.03.2017

Ақпарат

     «№1 НМ» КММ-де «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында  ақпан айының 8-нен 10-і аралығында  «Мейірімділікке-бастар ғажайып әлем»,  «Мир добра» тақырыптарында шығармалар сайысы өткізілді.

Мақсаты:

* Балалардың  «мейірімділік»,

«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

* Шығарма жаздыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз

ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

* Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыларды

мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу

      Сайысқа 5-9 «А, Б» сыныптары арасынан оқушылар қатысты.

Сайыс ережесі:

1.     Шығарма тақырыпты толық қамтуы тиіс;

2.    Шығарма нақты фактілерге негізделуі қажет.

3.    Шығарманың мазмұнына, сөйлем құрау шеберлігіне баса назар аударылады;

4.    Шығарма сауатты жазылуы тиіс;

5.    Шығарманың тазалығына назар аударылады;

6.    Парақтың сыртына аты – жөні, сыныбы жазылуы тиіс.

     Жоғарыда аталған сайыс ережелеріне сай жазылған шығармалар іріктеліп, сұрыпталды. Сайыстың қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар: Рейімбаева Жадыра (7 «А» сынып оқушысы), Чистякова

Виктория (8 «Б» сынып), Барченко Сергей (7 «Б» сынып), Жанатов Диас (9 «А» класс), Талғат Бақберді (6 «А» сынып), Тангатаров Нұрсұлтан (7 «А» сынып), Абаева Амина (7 «А» сынып). 

 

 

Орындағандар:

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі                          Г. Акимова               

Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі                           Г. Жолдаспаева

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст