"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«№1 НМ» КММ-де ақпан айында өткізілген іс-шаралар бойынша ақпарат.

31.03.2017

«№1 НМ» КММ-де  ақпан айында өткізілген іс-шаралар бойынша

ақпарат.

«№1 НМ» КММ-де жалпы мектепішілік  тәрбие жұмысы бойынша құрылған жоспар аясында және ауандық білім бөлімінен жіберілген хаттарына байланысты ақпан айында төмендегідей іс-шаралар өткізілді.
     «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында ақпан айында жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.
   Қаңтар айының 31-нен ақпанның 3-ші аралығын бастауыш сынып мұғалімі Б.Тлеубердинованың ұйымдастыруымен 1-4 оқушылары арасында   «Менің игі істерім» атты сурет көрмесі  өтті.  Бастауыш сынып оқушылары сурет көрмесіне белсене қатысты. Оқушылар өздерінің жасаған игі істерін, оның ішінде ата-анасына жасаған көмектерін, сонымен қатар мейірімділік жайлы түсінік терін  жинақтап,  қағаз бетіне сурет түрінде салды. Ең үздік деп танылған жұмыстар үшін, келесі оқушылар мақтау грамотасымен марапатталды. Олар: Плешко Евгения (3 «Б» сынып), Аубакирова Инзара  (3 «Б» сынып), Дахаев Мирас (4«А» сынып).
     А. Баймуратованың жетекшілігімен  «Жас Ұлан» ұйымы 2 -8 ақпан  аралығында мектепішілік  «Қамқорлық» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты: азқамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету.    Мектеп қорынан 10 000 тг. бөлініп,  азқамтылған отбасыдан шыққан  балаларға мектепке қажет оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Жалпы көмек көрсетілген балалар саны 5 бала.
    Ақпан айының 8-нен 10-і аралығында  қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі  Г. Акимова, орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Г. Жолдаспаева «Мейірімділікке-бастар ғажайып әлем», «Мир добра» тақырыптарында шығармалар сайысын өткізді.
Мақсаты:
* Балалардың  «мейірімділік»,«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
* Шығарма жаздыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
* Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу
     Сайысқа 5-9 «А, Б» сыныптары арасынан оқушылар қатысты.
Сайыс ережесі:
1.     Шығарма тақырыпты толық қамтуы тиіс;
2.    Шығарма нақты фактілерге негізделуі қажет. "
3.    Шығарманың мазмұнына, сөйлем құрау шеберлігіне баса назар аударылады;
4.    Шығарма сауатты жазылуы тиіс;
5.    Шығарманың тазалығына назар аударылады;
6.    Парақтың сыртына аты – жөні, сыныбы жазылуы тиіс.
    Жоғарыда аталған сайыс ережелеріне сай жазылған шығармалар іріктеліп, сұрыпталды. Сайыстың қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар: Рейімбаева Жадыра (7 «А» сынып оқушысы), Чистякова Виктория (8 «Б» сынып), Барченко Сергей (7 «Б» сынып), Жанатов Диас (9 «А» класс), Талғат Бақберді (6 «А» сынып), Тангатаров Нұрсұлтан (7 «А» сынып),Абаева Амина (7 «А» сынып). 
   Ақпан айының 14-нен 17-і аралығында  бастауыш сынып мұғалімдері Қ. Хасиденнің  және Е. Демченконың ұйымдастыруымен 2-4 «А,Б» (қазақ, орыс) сынып оқушыларымен  «Мейірімділік жаса» атты плакат сайысы өтті. Сайысқа оқушылар белсенді қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға мейірімділік қасиеттерінің құндылықтарын ашу және түсініктерін кеңейту.Өздерінің суреттерінде оқушылар өміріндегі мейірімділіктің маңыздылығын, қоршаған ортаға жақсылық жасау және мейірімді болу керектігін анық көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша үздік  плакат суреті деп танылған: 3 «Б» сынып оқушыларының пакаттары. Сонымен қатар екінші орында 2 «А» сынып оқушыларының плакаттары болып танылды. Сайысқа қатысып, орын алған сыныптарға мақтау грмоталарымен қатар сыйлықтар берілді.
     Ақпан айының 22-нен 24-і аралығында  5-9 «А,Б» (қазақ, орыс) сынып оқушыларымен  Афганистан тақырыбында презентация сайысы  өтті. Сайысқа оқушылар белсенді қатысты.
Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
   Сайыстың қорытындысы бойынша үздік Афганистан тақырыбында презентация деп танылған 9 «А» сынып оқушыларының презентациялары. Сонымен қатар екінші орында  7-8 «А» сынып оқушыларының презентациялары болып танылды, ал үшінші орынға 7-8 «Б» сынып ие алды. Сайысқа қатысып, орын алған сыныптарға мақтау грмоталарымен қатар сыйлықтар берілді.
   Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
   «№1 НМ» КММ-де бойынша алдын ала жоспар құрылып, төмендегідей іс-шаралар өткізілді.
   Ақпан айының 25 күні мектеп оқушыларымен Салтанатты жиын өткізілді. Жиынды мектеп директоры Жүсіпбек А.А.құттықтау сөзімен ашты. ҚР әнұраны ойналды. Сонымен қатар Алғыс айту күнін мерекелеу тарихы айтылды.
   1-9 «А,Б» сыныптарымен сыныпжетекшілері «Алғыс айту парызым», «Благодарить -это мой долг» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
   27 ақпанда сурет пәні мұғалімі К.Енкебаевтің және бастауыш пәні мұғалімі Қ. Хасиденнің ұйымдастыруымен 1-5 «А,Б» сыныптары арасында балалардың өз әкелері мен аналарына тәрбиелеп, қамқорлықтары мен қолдаулары үшін өз алғыстарын бейнелейтін «Ата-анам – алтын тұғырым», «Спасибо, папе и маме!» атты сурет және фото сурет көрмесі болды.
    Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері К.Ермуканова және Г. Акимова ақпанның 28-і күні  5-9 «А,Б» сыныптарымен  алғыс айту және ақжол тілеу көне дәстүрін білу білімін сынайтын «Бата беру» сайысы өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша үздік деп танылған 9 «А» сынып оқушысы Жанатов Диас. Сонымен қатар екінші орында   5-6 «А» сынып  оқушысы Талғат Бақберді, ал үшінші орынға 7-8«Б» Матренин Денис ие алды. Сайысқа қатысып, орын алған сыныптарға мақтау грмоталарымен қатар сыйлықтар берілді.
    Ақпан айының 25 күні тәлімгер Баймуратова Ақшолпан Қалдыбекқызы жетекшілік ете отырып «Тимур ұйымымен»,  құрамында 7-9 "А, Б" оқушылары ұлдары бар, сонымен қатар  аула сыпырушы А.Жусуповпен  Молдажан Жадайұлы, 28 мекен жайында тұратын зейнеткер Хазицкая Любовь Павловнаның өтініші бойынша үйінің ауласындағы және үйдің төбесіндегі қарды тазалады. Хазицкая Любовь Павловна жолдасы Хазицкий А. П. бірге тұрып жатыр. Балалары өз отбасыларымен бөлек тұрады (Украинада, Астанада). 
     Әлеуметтік желілердегі  «Синий кит» және «Тихий дом» атты жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау ойындарын алдын алу барысында  төмендегідей іс-шаралар жоспарланып,  жүргізілді.
    Мектеп психологы Г. Кудабаева  8-і ақпан күні 7-9 сыныптарында Суицидті анықтау тестін өткізді. Тесттің қорытындысы бойыншы балалардың бойынан суицидке бейімділігі анықталмады.
     14 ақпан күні «Баланы қауіпті ойыннан қорғайық» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Әлеуметтік желілеріндегі балалардың өз-өзіне қол жұмсауға бағыттайтын «Синий кит», «Тихий дом» т.б. ойындарын алдын алу.
    Информатика пәні мұғалімі Г.Бектурганова  24-і ақпанда «Қауіпсіз интернет» атты тәрбие сағаты. Тәрбие сағатына 5-9 сынып оқышылары қатысты.
   Ақпан айының 9-ы Мұқағали Мақатаев атындағы «Шындықтан туған шын поэзия» аудандық байқауына мектебіміздің 7 «А» сынып оқушылары Тангатаров Нұрсұлтан және Реймбаева Жадыра қатысты. «Шындықтан туған шын поэзия» номинациясында Реймбаева Жадыра 3 орынға ие болып, мадақтама грамотасымен марапатталды.
     Ақпанның 2-нен 13-і аралығында өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік әлемі» атты он күндікдігі өтті. Ең алғаш ашылуын  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Акимова Гаухар, Қудабаева Гульнур  «Өзінді-өзін тани біл» тақырыбында оқушыларға тартымды және қызықты баяндама оқып ашып берді.
   4,5 ақпан күндері 1б, 3б сыныптарында  «Доброта – это солнце, которое согревает душу человека» тақырыбында өзін-өзі тану мұғалімі Демченко Елена Николаевна ашық сабақтар өткізді.  
    9-ы ақпанда барлық сыныптардың қатысуымен «Ән көңілдің ажары» атты  патриоттық әндер сайысы өтті. Іс-шараны  мектептің аға тәлімгері Баймұратова Ақшолпан, мектеп психологы Қудабаева Гульнур және музыка пәні мұғалімі Кабдешев Дархан ұйымдастырды.  
    Сонымен қатар   10 ақпан күні өзін-өзі тану пәні мұғалімі Акимова Гаухар 3 «А» сынып оқушыларымен «Отбасы –өнеге» атты ашық сабақ өткізді.
     Осы он күндік аралығында мектепте қайырымдылық қоры өтті. Оқушыларға тегін оқу құралдары таратылды.
     Бастауыш сынып оқушылары сурет,плакат, ал жоғары сынып оқушылары «Мейірімділікке апарар ғажайып жол» атты шығармалар сайысына өтті.
     1-9 «А,Б» оқушылар  арасында  «Мейірімділік – әлемді құтқарады»  атты  сурет көрмесі қойылды. 
     Өзін-өзі тану пәніне байланыстыкітап көрмесі де болды. Көрмені мектеп кітапханашысы Қаржаспаева Гүлнұр тақырыпқа сай жасады. Аға тәлімгер А. Баймуратованың және 5-6 «Б» сынып жетекшісі Г. Кудабаеваның жауапкершіліктерімен Бөгенбай батыр атындағы аудандық мұражайға 5-6 сынып оқушылары барды. Осы он күндіктің барысында оқушылар да мұғалімдер де бір-біріне жылы шыраймен, сыйластық қарым-қатынаста болды.
     28-і ақпан күні мектеп ұжымы мен оқушылары 2017 жылы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО 2017 көрмесі», Алматы қаласында өткен «ХХҮІІІ Дүниежүзілік қысқы универсиада 2017» және Алаш қозғалысына 100 жыл толуына орай өткізілетін «Ақмола жұлдыздары» атты Ерейментау аудандық және қалалық халық шығармашылығы байқауына қатысып өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың «Спорт биі»  (жетекшісі: Р. Шайзина) үздік деп танылып, наурыздың 3-і күні Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінде өткен гала концертте өнерлерін көрсетті.
     Байқаудағы жетістіктері үшін дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар Ерейментау әкімінің орынбасары А. Әлжанов  атынан мектебіміз «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Қуатты Қазақстан – баянды болашақ!» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» атты қалалық халық шығармашылығы байқауында шығармашылық шеберлікті жетілдіру мен сахналық ерекшелігі үшін «Шабыт» номинациясы бойынша марапатталды.


Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары                     Т.Мукашева

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст