"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!

26.05.2017

БІЗ

ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!

1-ші жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, қадірлі қонақтар, құрметтімұғалімдер бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.

1-ші жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар сыныпқа
Бір белестен өттіңдер

Таныстырып ортаға шақыру

Әнел: Сабағын жақсы меңгерген 
Жақсылықты  көп  түйген.

  Назар: Кіршіксіз  пәк  жүрегі
Көңілді  әр  кез  жүреді.
Ибалы, инабатты

Жасмина біздің  сыйға батты.

  Николай: рассудительный, честен

Как душа – человек, он прелестен

Очень добр, но избалован иногда

Николай путь выходит сюда.

  Аружан:

Берген өлең, тақпақты

Лезде жаттап алады,

Тек жұлдызша алады.

 1-ші жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортағатолқып тасып.

Аруларын сыйлаған,халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!- деп мың бұралған бишілерімізді қарсы алыңыздар.

Би: «Гүлдер» 

 Аружан:  Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Даярлықпен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Әнел:  Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап

Оқып, жазып үйрендік

 Назар: Енді

мен үлкен боламын,

 Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқанын,

 Жасмин: Тәрбие

берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге  барамыз.

  (Есік қағылып ,  «Білгіш»  кіреді.)

- Сәлеметсіңдер ме,балалар!  Мені сендерге «Білім

ханшайымы»        балалардың   мектепке барардағы

 білімдерін тексер,-  деп  жіберді. Менің қолымда «Білім

ханшайымының»  беріп  жіберген, бірнеше тапсырмалары  бар.

  Осы  тапсырмаларды оқып, орындауларыңды  талап  етемін.

Мен  сендердің  берген  жауаптарыңа  қарап,  мектепке

 даярлықтарыңды  тексеремін.

 І тапсырма   Сұрақтарға  жауап  беру.

ІІ  тапсырма   Сауат ашу  сабағынан

ІІІ  тапсырма   Математика  сабағынан.

ІҮ  тапсырма  Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.

  І тапсырма

  - Біз қай елде тұрамыз?  Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің барма?

Ән:  «Біздің Қазақстан»

  - ҚР  рәміздерін  кімдер атап береді?

Би: «Жас Отан»

 -    Неше  жыл мезгілі бар?

-   Табиғат нешеге бөлінеді?

Ж а р а й с ы ң д а р  б а л а л а р !

    ІІ тапсырма

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

- Дауыссыз    дыбыстарды ше?

- Мына сөз туымды кім оқып береді?

 Ән: «Ақ мамам»

    3 - тапсырма

    - Тура және кері санап бер.

- Көршілерін ата?

- Тік төртбұрышта неше бұрыш бар?

- Екі қоянда неше аяқ?

          ІҮ  тапсырма

 (Өнерлеріңді тамашалайық)

Би: «Ойыншықтар»

Ән: «Учат в школе» Николай            

Балаларға  алғыс хат тапсыру.

 

    Сүйікті балғын бала шақ.

     

Сендердікі болашақ.

     

Озат болып оқыңдар,

     

Ойға білім тоқыңдар

( Балаларға  алғыс хаттар тапсыру.)

Ойын: «иа, жоқ» балалармен

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Танартен ерте тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

Ата аналармен ойнау:

1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?

3. Тамағын уақытылы бересіз ба?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Би: «Вальс» Назар мен Аружан

Ән: «Қош бол, даярлық!»

Қорытынды  

-  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.   Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып,    ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

 

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст