"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күз" мерекесі

28.12.2017

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Мектептегі дәстүрлі .

Мерекеміз бұл да бір.

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Күзгі балды тойлауға ,

Шақырамыз сіздерді.

 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Және де бүгінгі «Алтын күз» атты мерекесіне қатысушы сайыскерлер!
Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын- терім аяқталған кезде «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі

Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)

Жүргізуші: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.

Жүргізуші: Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік: Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Презентация
2. Бес әзіл
3. Таңқалдыр
4. Сән үлгісі

1 Жүргізуші: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.

Презантация. Сайысымыздың шарты бойынша әр топтан бір оқушы шығып презентацияны қорғайды.

Келесі сайысымыз бес әзіл

Таңқалдыр сайысымыздың  шарты бойынша әр топ бір фокус немесе трюк көрсетуі тиіс. Адам көркі шүберек, Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық. Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға әнімен шақырамыз.

Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст