Аттандық бала шақтан болашаққа!
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:Айгерім
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар ,енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Ортаға Саида мен Сезімді қарсы алыңыздар
Саида: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!
Сезім: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )
Жүргізуші: Айгерім Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені ол адам баласының көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
Оқушылардың әнін қарсы алыңыздар
Ән: «Ұстаз ана». Орындайтын. Миржан, Асанали
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.
Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісің,
Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр.
Сізге деген алғыстың шегі де жоқ,
Әр бірінің азамат болғаны үшін.
Асанали:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны
Айқара есік ашып тасталғаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Енді, міне сағымдай өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден
Ел таң қалар азамат бір – бір мықты.
Жүргізуші:Ұстазға мың тағзым! Әнін қарсы алыңыздар!
Миржан,Асанали,Айгерім,
Келесі сөз кезегін мектеп директоры: Мукашева Торғын Боранбаевнаға береміз.
Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіреміз.Сөз кезегі ата -аналарға берілсін.
Келесі сөз кезегі сынып жетекшісіне береміз.
Мұғалім сөзі:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Қанаттарың қатайды
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы –сара жол
Ізденіңдер, талмаңдар!
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар!- дегім келеді.
Жүргізуші: Айгерім
«Бастауышпен қоштасатын кез келді» әні қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Айгерім
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Уақытымыз біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,
Мерекелік іс-шарамыз аяқталды.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет!