Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мектеп кітапханасымен таныстыру.
Көрнекілігі: кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер,
«Миға шабуыл» сұрақтар беріледі.
1. Ертегілер туралы кім не біледі?
2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?
3. Ертегінің қандай түрлері бар,?
4. Ертегі басталғанда қалай басталады?
Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?
"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".
Жүргізуші: Балалар рахмет сендер ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер, талаптарың өрлей берсін! Міне Ертегілер еліне саяхаттап болған сияқтымыз. Енді балалар кітап оқимыз ба? Кітапханаға келіп, кітап алып тұрамызба.? Ендеше балалар осы асыл қазынамызды оқып, үй реніп, ойға тоқысақ еліміздің, өнегелі де ұл-қызы болатындарың айқын. Осы шараға қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға көптен көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын .