Ұстаз – ұлы тұлға
Фанфар
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті де аяулы ұстаздар,!
2-жүргізуші: Добрый день уважаемые учителя!
1-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1- жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2- жүргізуші: Пусть ваше здоровье будет крепким, пусть ваши дома будут наполнены радостью и пусть у вас будет много таких учеников, как мы!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші: Шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1 -2 «А» сынып оқушыларының өлең жолдарымен қабыл алыңыздар!
1-жүргіуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
2- жүргізуші: Да, ты прав
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!.
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
Сахнада «Жанайдар тобын» түрік биімен қабыл алыңыңыздар!
1-жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
2- жүргізуші: Учителя не только преподают для нас, дарят детям знания, но и воспитывают в своих учениках достойных людей, с яркой фантазией, разносторонним досугом и актерским талантом!
Для вас выступает 1б класс
1- жүргізуші:Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Сахнада Мұқажан Айгерімнрің орындауында «Шаршама ұстаз» әнін қабыл алыңыздар!
2 -жүргізуші: Знаний и мудрости школа наша обитель.
А сейчас рассказ о тебе пойдет —
Добрый и мудрый, прекрасный учитель,
Слава тебе и почет!
Для вас выступает 5а и 5 б класс
1- жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Каппас Ырыстының «Қамажай» биіме қабыл алыңыздар!
1 -жүргізуші: Зарина, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрейік.
Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.
Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
1- жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
2 -жүргізуші: В прекрасную жизнь, в дорогу открытий
Готовит нас добрый и строгий учитель.
Учитель не только наш покровитель,
По совместительству он укротитель.
Бываем упрямы, дерзки, шаловливы,
Уроки не учим — бывает подчас.
Спасибо,
Спасибо, что так терпеливы,
Спасибо за то, что вы любите нас!
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Құрметті ұстаздар сіздерге өзін-өзі басқару ұйымының атынан шағын номинацияларымызбен сыйымызды қабыл алыңыздар!
1- жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
Ұстазбен шәкірт әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
2 -жүргізуші:Уважаемые учетеля, поздравляем Вас с профессиональным праздником, Ваша профессия — это образец добродетели, человеколюбия и мудрости. Ваш каждодневный путь — это путь к сердцам подрастающего поколения, путь к вершинам знаний. Будьте здоровы, успешны, благополучны, творчески активны. Пусть благодарность Ваших учеников станет для Вас достойной наградой.
1-жүргізуші:Осымен ұстаздар мерекесіне арналған концерттік бағдарламамыз аяқталды. Келесі меркеде кездескенше сау саламатта болыңыздар!
2-жүргізуші: До скорой встречи!