Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Базарбаев А.
Күні: 18.04.2022
Білім беру саласы: Қатынас
Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы: « П п дыбысы және әрпі.»
Мақсаты: өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін арттыру.
П,п дыбысымен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем қарастыруын қадағалау. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, текшелер, көрекіліктер, слайд
Сөздікпен жұмыс: піл, пияз, кірпі, балапан, кітап, апа.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Ынталандыру- оятушы |
Шаттық шеңбер: «Күлкі» Күлім қағып қолымды, 1, 2 деп соғайын. Қарап тұрған көршіме, Қолымды мен бұлғайын. Ыстық алақаныммен, Маңдайыңнан сипайын. Құшақтасып өзіңмен, Амандасып алайын.
Мақсаты: Балалардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауға үйрету. «Үш шапалақ» әдісі |
Балалар бір-біріне қарап, ыңғайланып отырады. Бір-бірінің жүздеріне тура қарап, жымиып күледі.
Балалар бір-біріне сәттілік тілейді. |
Ұйымдастырушы- іздеуші. |
Өткен ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде біз қандай дыбыспен танысып едік? Ол қандай дыбыс? Ол қандай пішінге ұқсайды?
Ж- дыбысынан басталатын сөздер айтайық? Бүгін біз жаңа әріппен танысамыз. Ол қандай әріп екенін білу үшін мына әріпті жұмбақты тындаңдар.
Ата-анаңмен барып сен, Пілді көрдің сен бақтан. Піл,пияз паталар Басталған қай әріптен?
Балаларды «П» әрпімен таныстыру. Пп дыбысы бар сөздерді буынға бөлу. Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Қорықпайды күшті аң, Қорқады тек тышқаннан.
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады.
Үсті толы ине, бірақта, Іс тігіп, қадамайды түйме.
Сабақты бекіту үшін, суреттегі заттардың атын атау, п дыбысын табу.
Ойын: « Жоғалған әріп »
Ал енді балалар кітап бетіндегі суреттерге назар аударайықшы!
Ауада Пп дыбысын салу, дәптермен жұмыс. Енді балалар біз таяқшалар арқылы П дыбысының бейнесін жасайық.
Сергіту сәті: Ал балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып. Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық
«Дыбыстық талдау» ойын
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қоржын әріптерімен» |
-Ж дыбысымен, дауыссыз дыбыс. - көбелекке ұқсайды, жіп, жылан, жапырақ, жаңғақ.
Жұмбақтың шешуіне толық жауап береді:
П дыбысы Балалар суретке қарап, тәрбиешімен бірге «П» әрпімен танысады.
Сұрақтарға толығымен жауап бере отырып, мұқият тындайды.
-Піл
-Пияз
-Кірпі
Жұмбақтың шешуіне толық жауап береді:
Балалар тапсырманы мұқият тындап, п дыбысын орнына қояды.
1 бала: Балапан. П дыбысы сөздің ортасында орналасқан.
Балалар дәптермен жұмыс жасайды. Балалар Пп әрпін жазуды үйренеді.
Сергіту сәтін топпен тұрып орындайды.
Тақтамен жұмыс: Балапан,піл,парта сөздеріне дыбытық талдау жасайды.
-Балалар қоржынға қолдарын салып, бір әріпті таңдап алады. Алынған әріптің ережесін және қандай текшемен белгілейтінін айтады. |
Рефлексивті- түзетуші |
«Бағдаршам» әдісі Балалардың сабақтағы белсенділігін арттыру.
Қорытынды бөлім. |
Балалар сабақтан алған қызығушылық әсерлерін арттырады. «П» әрпі Дауыссыз дыбыс Дауысты және дауыссыз дыбыс. Балаларды смайлк арқылы мадақтау. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Бірін - бірі сыйлай білу керек.
Нені үйренді: Сөздерге дыбыстық талдап жасауды.
Нені біледі: Пп дыбысы қатаң, дауыссыз дыбыс. Айтылғанда ерініміз бір-біріне тиіп, дыбыс кедергіге ұшырап айтылады. П дыбысы сөздің басында, ортасында сөздің соңында кездеседі. Оны көк түсті текшемен белгіленеді.