«Қызықты математика»
( математикалық сайыс 9 сынып).
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Нақты ғылымдарға қызығушылар. Естігенін есте тұтып, Оқығанын миға тоқушылар.Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар. Сіз оқытқан окушылардың, сәті келді сыналар.Есепті түрлі-түрлі шығарамыз, Арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар. Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.Олай болса, тұрмайық, Кешімізді біз бастайық, Әділ бағаға қалтасы толы, Әділқазыларды шақырайық.
Кешімізді бастамас бұрын әр оқушынң білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
: Шын жүйрік шабысынан табылады. Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Математикалық сайыс 7 турдан тұрады.
1 тур . Ой сергіту.
Әр оқушыға кезек-кезек сұрақтарға тез мүдірместен жауап беру керек.Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Кедергі келтіруге жауабын айтуға болмайды .
1. Барлық қабырғалардың қосындысы? (Периметр)
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3.Ең кіші натурал сан? (1)
4. Санның жүзден бір бөлігі? (процент)
5.-100 ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысы? (0)
6. 20 минут 1 сағаттың неше бөлігі? (1/3)
7. Қандай 3 санды қоссаң да, көбейтсең де мәндері бірдей болады? (1,2,3)
8.Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)
9.1000 теңгенің 10 проценті ? (10 теңге)
10. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
11. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
12. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
13.Төртбұрыштың қарсы бұрыштарын қосатын түзу? (диагональ)
14.8 ұлда неше саусақ бар ? (80)
15.Бірінші әйел-математик (Софья Ковалевская)
16.Ең үлкен теріс сан (-1)
17.Дәлелдеуді қажет ететін анықтама? (теорема)
18.100 –ді жартысына бөлсек ,неше? (2)
19) Ең кіші жай сан (2) 20) 4 санының кубы (64)
2 тур. Ең зейінді.
Оқушы шығып , сандарды оқиды ал 3-ке бөлінетін сандарды атамай жаңылмаймын деп айту керек. Мысалы 5-ке бөлінетін сандар үшін 1,2,3,4, жаңылмаймын 6,7,8,9, жаңылмаймын.
Жаңылмаймын деген сөзді неше рет дұрыс айтса, сонша балл алады.
0; 3; 6; 21; 12; 16; 24; 9; 42; 60; 56; 191; 36; 72; 15; 35; 100; 120; 49; 66; 68; 18; 4
3 тур. Аукцион.
Ойын шарты бойынша сұраққа дұрыс жауап берілсе , сол ұпайлар қосылады.
Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері) 200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8) 300.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3) Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
400 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 144,576,454,1024
4 тур.Жас эрудит.
Әр оқушыға әріп беріледі сол әріптен математикаға байланысты көп сөз жазу керек. 3 минут уақыт.Әр сөз 1 ұпай.
І оқушы- Т , 2 оқушы- П, 3 оқушы-Ш ,4 оқушы- А әріптері
5 тур. Ең тапқыр .
Әр оқушыға биология кітабы беріледі .Кез келген тақырыпта әзіл есеп құрастыру керек. 5 минут уақыт беріледі.5-10 ұпай беріледі.
Жанкүйерлермен ойын математикалық сөзді айтып соңғы әріптен ары қарай жалғастыру керек.Мысалы; перпендикуляр – радиус - … (5 минут)
6 тур. Сурет сайысы.
Цифрлардан адамның суретін салу керек .(3 минута).
Әділқазы алқасы салған суреттегі сандарды қосып кімнің қосындысы көп соған сай ұпай береді.
.
7 тур. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
Дұрыс жауап 2 ұпай.
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) 10. Батыр бір өледі, Қорқақ.... өледі,(мың)
11. Қызға..... үйден тыйым,(қырық) 12. Айдағаным.... ешкі, Ысқырығы жер жарар, (Бір) 1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар, Есептану пәні бар. Сабағынды егер оқысаң, Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Ал, қазір әділқазылар сөз алады. Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтаймыз.