"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балаға жүрек жылуы" атты сынып сағаты 5-6 "А" сыныбы

18.02.2022

Сыныбы: 5-6 «А»

Тақырыбы: «Балаға жүрек жылуы»

Мақсаты: «Мейірімділік», «Қайырымдылық»,«Жақсылық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Мейірімділік, қайырымдылық, жақсылық туралы түсініктерін кеңейту;
• Қамқорлық, жақсылық жасауға жетелеу;
• Мейірімділікке тәрбиелеу
Әдістер: әңгіме, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, түсіндіру
Көрнекі құралдар:слайд, плакаттар, бояу, жүрекшелер, мәтін

Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
:
- Балалар, бәріміз тұрып бір - бірімізбен күлімсіреп, бүгінгі күніміз көңілді басталып, жақсы аяқталу үшін өзімізге, келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілейік

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік

Мен саған,сен маған

Жақсылық біздер тілейік
- Балалар, бүгін біз сендермен «Жүрек жылуы» жайлы әңгіме қозғаймыз.

-Жүрек жылуы дегенді қалай түсінесіңдер?

-«Мейірімділік,сүйіспеншілік,қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады»-демекші,өзіңді ғана ойламай, күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды бол.Сенің шашқан шуағың адамдардың жанын жылытсын!

Топтық жұмыс:

І топ «Ойлан, жұптас» әдісі

-Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не кедергі жасайды?

/Қатігездік,өзімшілдік,ашу-ыза, көре алмаушылық,шыдамсыздық, мақтаншақтық,сараңдық/

-Өзімшілдік, көре алмаушылық дегенді қалай түсінесіңдер?

 

ІІ топ «Ойлан, жұптас» әдісі

-Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не ықпал етеді?

/ Адалдық,қайырымдылық,мейірімділік,қамқорлық,жақсылық жасау,сүйіспеншілік/

-Қайырымдылық деген не?

Қайырымдылықты жанашырлық  деп түсінуге болады.Яғни көмекке мұқтаж адамдарға көмек беру,жақсылық жасау. Рақымды, мейірімді адам-қайырымды адам.Қайырымды болуға талпыну керек.

ІІІ топ «Ойлан, жұптас» әдісі

Тапсырма:Суреттермен жұмыс, мәселелі жағдаяттарды шеш

1) Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?

2) Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті... сен не істер едің?

3)Сен бір сөмке ауыр зат  көтеріп, келе жатқан қарт адамға  кездестің...

сен не істер едің?

ІV топ  «Жалғасын тап» ойыны  . Мақал- мәтелдің жалғасын табады

  • Жақсылықтың ерте    ...  жоқ /кеші/
  • Жақсылық қылсаң, ...    қыл    /бүтін/
  • Жақсылық еккен    ...  орады     /алғыс/
  • Жақсылық -     жан ... /азығы/

-Ұлы ақынАбай Құнанбаевтың «Он төртінші» қара сөзіне назар аударайық.

Картинки по запросу сара алпысқызы

- Сонымен, рақымдылық,мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

Оқушы:А.Асылбеков «Жақсы болу өзіңнен»

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен!

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла!

Оқушы: А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба!»

Мұғалім: «Табиғаттағы барлық жылу – күннен, Өмірдегі барлықжылу — адамнан»-демекші өмірдегі барлық жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық адамдарға байланысты екен. Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, жақсылық жасау, жақсылыққа бөлену бәрі өз қолыңда екенін ұмытпа!

 «Бір сөз-бір теңеу» әдісі

-Махаббат сөзін қалай түсінесіңдер?

- Жақсы көру, сүйіспеншілік,мейірімділік

/ Отанға,анаға,отбасына, екі жастың бір-біріне / Берілген суреттерді топтау

Оқушы:Адамгершілік қасиет ең бірінші әр адамның отбасына деген махаббаттан басталады.Ата-ананы ренжітпеу, тілін алу, құрметтеу- әр баланың өмір бойғы парызы.

Оқушы: «Отан отбасынан басталады»- демекші Отанға деген сүйіспеншілік әр адамның міндеті болып табылады.
Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар. Махаббат сөзінің мағынасы сан алуан екен. Ананың балаға деген махаббаты шексіз әрі баға жетпес сүйіспеншілік екеніне көз жеткіздік.

М.Төрежанов «Сары тауық пен балапандары»

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық қанша асықса да балапандарын мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Пікірлесу«Еркін микрафон» әдісі
- Сары тауық өз балпандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Аналарың еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

Қорытындылау

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы  сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

«Кім және не мейірімді?» ойыны арқылы мейірімділік  кестесін құрайық
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді

-Балалар қандай адамгершілік құндылықтармен таныстық?

/ Адалдық,қайырымдылық,мейірімділік,қамқорлық,жақсылық жасау,сүйіспеншілік/

Ойланайық, пікірлесейік
Ж- жылулық

А- адалдық

Қ-қамқорлық

С- сүйіспеншілік

Ы- ынта

Л- лебіз

Ы- ықылас

Қ- қайырымдылық

Оқушы:

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң  - сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.
Бекіту сәті.Рефлексия

Сабақты қорытындылай келе «Мейірімділік-жүректен» дегім келеді.Жүрек жылуы сөнбесін!!!

Сабаққа белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет!

Жүрегіміз мейірімділікке толы болсын! Жүректен шыққан жылы сөз жүректен-жүрекке жетсін!
Оқушылар шеңбер құрып, жүрекшелерін бір - біріне беріп өз жүректеріне рахмет айтады
• Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
• Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
• Менің жылы жүрегіме рахмет!
• Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
• Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
• Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
• Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
• Менің жан - жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!
• Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!
• Мен әрқашан қайырымды боламын!
• Мейірімділігім менің - асыл қасиетім!
• Меніңжүрегімәрқашанмейірімге толы!

 

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст