"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы

11.02.2022

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы «№1 Негізгі орта мектебі» КММ

«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы

Өткізген: Байсолтан Айман - координатор

 

«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысының

Мақсаты: 

- Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолымен, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларымен танысу, мемлекетіміздің болашағы – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
- білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. 
- жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу. 

Ұйымдастыру түрі: сайыс. 

Көрнекіліктер: мультимедиялық проектор, бейнероликтер, презентация, музыкалық аппаратура. 

Өтілу барысы 

Оқытушы: 

Қайырлы күн, құрметті оқытушылар қауымы мен жаңа ғасырдың ұландары! С.А.Назарбаева – қазақтың бақытты аналарының бірі. 

С.А.Назарбаеваның есімі бұл күнде «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы, жетімдердің жебеушісі, қорғансыздардың қамқоршысы ретінде қалың жұртшылыққа кең танымал. Бүгінде мыңдаған жетім балалар мен мүгедек сәбилердің тағдыры үшін бүкіл жауапкершілікті мойнына алып, бөбектердің анасына айналды. С.Алпысқызына және барша Аналарға арналған «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер! 

Жүргізуші: 

Құрметті біздің аяулы да, ардақты студенттер, құрметті қонақтар! Біз бүгін «Алтын жүрек Анамыз» атты сайысымызды бастаймыз. Сонымен бірге бұл сайыстың өзіндік бір ерекшелігі бар. Ол – «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан – салалы қайырымдылық қызметіе арналады. 

Жүргізуші: 

Сара Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін – өзі тануына, өзін – өзі сыйлай білуіне, шын ниет, адал жүрекпен басталған әр істің нәтижелі болатынын ұғындырады. Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасаған әрекетіне байланысты.

 Жүргізуші: 

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпан күні Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүние есігін ашты. Қарағанды металлургия комбинатының «Бөбек» қоры арқылы мыңдаған жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасыларына қолдау көрсетіп келеді.1994 жылдың маусым айынан бастап «SOS» атты балалар ауылының президенті. 2001 жылдың желтоқсан айында жетім мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсеткен еңбегі үшін «Достық» орденімен», 2003 жылы Шыңғыс Айтматов атындағы алқамен марапатталды.

Жүргізуші: Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеу үшін сөз кезегі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары У.Н.Жигеровнаға беріледі. 
Жүргізуші: Сайысқа алғашқы қатысушымызды шақырамыз. 

 Әділ-қазылар шешімін шығарғанша, сіздердің назарларыңызға тамаша әнді ұсынымыз. 

Ән орындалады: Әбдіжаппар Әлқожа «Ана әке»

Қорытынды: 

«Жер бетіндегі Жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды», - деп Нұрсұлтан Әбішұлының сөзімен қорытындылап. мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды деп жариялаймыз, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет! 

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст