Ақмола облысы, Ерейментау ауданы «№1 Негізгі орта мектебі» КММ
«Патриот, адамгершілік, қайырымдылық» атты пікірсайысы
Өткізген: Байсолтан Айман - координатор
«Патриот, адамгершілік, қайырымдылық» атты пікірсайысы
Мақсаты; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруОқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету, ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге ,өзіндік пікірін қалыптастыруға баулу.Оқушыларды жан – жақты ізденіс жұмыстарына баулу
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Патриот, адамгершілік, қайырымдылық» тақырыбындағы дебатымызды бастаймыз
Дебат мазмұнымен таныстырып өтейін:
І. Кіріспе
1. Дебатқа 2 топ(даттаушы және жақтаушы), әр топта 3 оқушы қатысады.
2. Дебатта әр топ өз позицияларын қорғап, дәлелдерімен оқушылар өз ойларын баяндайды.
3. Дебатқа қатысып отырған оқушылары бір – бірлеріне сұрақ қояды.
Ал енді құрметті оқушылар даттаушы топ пен жақтаушы топты орындарына шақырайық
(даттаушы-жақтаушы топтар анықталады:оқушылар өз позицияларын қорғауға дайындалуға уақыт беріледі.Сарапшылар тағайындалады және уақыт сарапшысымен таныстырылады)
(ортаға екі жақ өкілдері келеді)
Сарапшылар:
Ортаға тасталатын сұрақ: Кәзіргі уақытта қалай ойлайсыздар: адамгершілік, қайырымдылық деген сияқты жақсы қасиеттер адам бойынан табыла ма?
Сұраққа жауап бермес бұрын экранга назар аударып бұл терминдердің анықтамасын біле кетсек (тақтада слаид көрсетіледі)
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасты білдіреді деген ұтымды ойлары айтылды. Республикадағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алаламай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін – өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады дегенде ойлар қозғады.
Адамгершілік- адам бойындағы ең асыл қасиет. Және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, отанын елін отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса ол адам өзін өз сыйламайды деген сөз.
Қайырымдылық- адам жанының нұры. Қайырымдылық көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек болып табылады
ІІ.қортынды бөлім
2. Төреші екі фракцияның сайыстағы ойындарына төрелік айтады.
Сарапшылар даттаушылар мен жақтаушылардың ойындарына пікір білдіреді. Қорытындылайды.
(Сарапшыларға сөз беріледі, Төрешіге сөз беру ойындағы екі фракцияның сайыстағы ойындарына төрелік айту үшін. Қорытындылау үшін)
Мұғалім: Дебат сүйер қауым, бүгінгі ойынға уақыт бөліп қатысқандарыңызға рахмет!