"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ер есімі ел есінде» Ақын, батыр Молдажан Жадайұлын еске алу

10.12.2018

«Ер есімі ел есінде»

Ақын, батыр Молдажан Жадайұлын еске алу

 

Мақсаты: 1. Оқушылардың туған жерге,атамекенге деген құштарлықтарын дамыту.
2. Рухани жаңғыру тақырыбы аясында туған жерімізді азат етуге үлес қосқан батырларымызды еске түсіру

Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде былай деген «Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық. Осылайша, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың

«Мәңгілік ел» мұратын қайта жалғадық. Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айрылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады. Дегенмен, соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады». Осы

Тәуелсіздік жолында көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.  Халқымыздың сан қилы тарихы мен тағдырына үңіле қарасақ, ел бастаған серкесі де, қол бастаған батырлары да баршылық екен. Қазақтың бытырай қонған елін, ұлан-байтақ жерін қызғыштай қорғап, «толарсақтан қан кешкен» бабаларымызды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың еншісіндегі парыз. Сондай халықтың арманын, ұлттық еркіндігін алға шығарып, осы жолдан өмір бойы танбаған арыстарымыздың бірі – он тоғызыншы ғасырда өмір

сүрген, арғын ішінде қанжығалы руынан шыққан, 1916 жылғы Ереймен жеріндегі ұлт-азаттық

күресте жетекшілік еткен Орта жүздің батыры әрі ақыны Молдажан Жадайұлы. Оның өмір деректері мен тарихтағы орны туралы жекелеген еңбектерден кездестіріп те жүрміз.  

Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай бүгінгі жиынымызда осы

тарихи тұлғаның есімімен байланысты. Отан үшін от кешкен батырымыз, өз өлең жырларында елім, туған жерім деп жырлаған ақынымыз  Молдажан Жадайұлына арналған «Ер есімі ел есінде» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Ортамызда Молдажан атамыздың қызы Амангелді апамыз отыр. Апа біздің іс-шарамызға қош келдіңіз.

Сұрақтар: 

«Жадайдың ұлы Молдажан,
Кездескен жауы сорлаған.
Бір мың қолға бас болды,
Егескендер оңбаған.
Өзі ақын, әрі ұста, темірді асыл торлаған. дегендей атамыздың өмірі жайлы мәліметке көңіл аударсақ. Ортада 7 «А» сынып оқушысы Маден Сандуғаш.

Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Негізінде Молдажан  атамыз ақындықтың соңына шыңдап түсіп, отырып жазған адам болған емес. Бірақ сол атүсті шығарған өлең-дастандарынан оның шын шеберлігі байқалып тұр.   Ендеше, ақынның жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

Оқушылар өлеңдерін оқиды.

Арыстандай ақырып
Он алтыншы жыл келді.
Қаһарына шыдамай,
Қазақ елі сенделді.
 Ел қосылып елменен,
Ерсіл-қарсыл шұбырды.
Патшадан шыққан бұл жарлық Қазаққа қанды күн болды – деп, жаугершілік заманның басталғанын, мылтық-қылышын баптап жүретін ер азаматқа сынды кезеңнің келгенін жайлы тарихқа көз жүгіртейік.

(1916 жылғы көтеріліс жайлы бейнежазба)

Осыдан 101 жыл бұрын, 1916 жылдың 25 маусымда Ресей патшасы ІІ Николайдың Орта Азия, қазіргі Қазақстан және тағы да басқа өлкелерден 19 бен 41 жас аралығындағы ер азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы қазақ халқының ашу-ызасын туғызып, көтерілістің бірінен кейін бірінің тұтануына әкеліп соқты.

Осындай намыс пен ыза 1916 жылдың жазында Ереймен қазақтарына да еріксіз қару алдырды. Көтеріліске Ереймен жерінен 5000 жуық адам қатысқан. Арнайы мергендер жасағы құрылып, Молдажан Жадайұлыда жетекшілік еткен.

Сұхбат

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 қарашадағы қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 қарашадағы шешімі бойынша Правобережная көшесі Молдажан Жадайұлы атындағы көшесі деп атау берілді.

Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай

Просмотров: 578


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст