"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Толымсыз квадрат теңдеулер тақырыбын қорытындылау

28.12.2017

Сабақтың тақырыбы: Толымсыз квадрат теңдеулер тақырыбын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:  «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау.

Сабақтың міндеттері:
♦ «Квадрат теңдеулер»тақырыбы бойынша білім мен біліктерін бекіту және бақылау; Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру, проблемаларды анықтау   және оның шешілу жолдарын таба білу, мақсатқа жете білу. Толымсыз теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдай білу дағдыларын қалыптастыру.

♦ Жеке, жұппен, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге дағдыландыру, тақырыптық диалог құра білу, бірін-бірі, өзін-өзі және топты бағалай білуге үйрету .

♦Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге, ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, оқулық, үлестірме карточкалар.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: Топтық сайыс
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, топтарға бөлу.

Сәламатсыздар ма, балалар! Мен сәздермен  бірге сабақ өткізуге қуаныштымын.Өзімді таныстырып кетейін:  Ш.Р.Д  Қолдарымызды көтеріп алақандарыңды түйістіріңдер де көздеріңді жұмып бір – бірлеріңе, өздеріңе іштей сәттілік тілеңдер.

Оқушыларды түстер бойынша топтарға бөлу.Төрт топқа бөлінеді.1-топ-қызыл түсті, 2-топ-сары түсті, 3-топ-көк түсті, 4-топ-жасыл түсті. Топ мүшелері өз міндеттерін бөліп алады, бақылаушы қадағалап отырады. Әр топ жеке жеке отырады, столда әр топқа тапсырмалар берілген. Топ басшылары жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады.
Сіздер квадрат теңдеуді шешуді білесіздер. Бүгін осы тақырып бойынша білгендеріңізді ортаға салып өз білімдеріңізді көрсетесіздер. Сабақтың  мақсаты;  

Бар ізгілік тек білімнен алынар, 
Білімменен аспанға жол салынар. 
Жүсіп Баласағұни  бастаймын.

II. Ой толғау сәті

. Қазір біз алған білімдерінді пысықтау үшін және есептер щығаруға, өзіндік жұмысын орындауға дайындалу үшін өткен тақырыптарды

қайталайық, не білетінімізді еске түсірейік.

1. Үй жұмысын тексеру(ауызша)

 «Танграм» әдісібойынша тексеру (әр топ мүшелері үшбұрышталып қиылған қағаздарға сұрақтар жазады. Жазылған сұрақтарды топтармен алмасады. Жауаптарын тыңдайды.) 

Әр топ екі сұрақтан жазып келесі топқа береді. Топта сұрақтарды талқылап жауаптарын береді. Дұрыс жауаптарды өте жақсы, жақсы, орташа деген қол арқылы көрсету.

1.Квадрат теңдеудің жалпы түрі?            /ах2+вх+с=0 (a≠0)

түріндегі теңдеу/

2.Квадрат теңдеудегі а, в, с сандары қалай аталады?

 а - бірінші коэффициенті     в -  екінші коэффициенті,    с -  босмүше

3.Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

   Егер а=1 онда квадрат теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.

4.Қандай теңдеуді толымсыз квадрат теңдеу деп атайды?

Толымсыз квадрат теңдеудің неше түрі бар?

аx2+bx=0, c=0      ax2+c=0, b=0        ax2=0, b=0, c=0

 толымсыз квадрат теңдеулер болып табылады.

Дескриптор:

Оқушы толық және толымсыз теңдеу тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

2.Ауызша есептер  

Әр топта «артық» теңдеуді табыңдар. Квадрат теңдеу емес теңдеуді анықтау

1

2

3

4

1)2х²х=0                        .                               

2)х²-16=0           

 3)4х+х-3=0     

 4)2х²=0           

1)х²-6х+5=0

2)9х²-6х+1=0х

3)х²+х-2=0

4)х4+7х+12=0

 

1)х-2х2=0

2)х-х2-у=0

3) 2х2=9

4)х2-ху-3=0

1)-4х2-1/2=0

2)0,5х-х2=-3

3) 4-4х+х2=0

4) 3,5х2=0

Дискиптор

Толық және толымсыз квадрат теңдеудің формулаларын біледі

3.Әр деңгейлі тапсырмалар орындау Топтарға тапсырма беріледі(өзара тексеру, жакабы тақтада)

1

2

3

4

А   1) 3х2=0   ( 0)

В 2х(х-3)-7=4х-7 (0,5)

С (х-3)2= -2х (3-х) 

(-+3\5 )                                    

А    2) х²+144=0

 (-,+12)

В  (х-3)(х+3) =0

(-,+3)

 С (х-4)(х+5)=х

( -,+ 2 )                       

А   1)х2+64 =0 шеш.жоқ

В  3х(4х-7)+27=-9(х-3)

(0,1)

С х(х+6) +20х2=6(х-4)

(шеш. ж)

А  1) х2-25=0 (+-5)

В (7-х)(7+х)=7(х+7)

(0;- 7)

С (2х+4)2=2х(х+8)

(шеш.ж)

Дескриптор:

Берілген есептерді шешуде толымсыз квадрат теңдеуді шешу ережелерін қолданады;

Берілген есептерді шешуде толымсыз квадрат теңдеудің жаплы формулаларын қолданады;

4. «Ғажайыптар алаңы» ойыны(екі топқа бір есеп, қай топ бірінші жасырын сөзді табады сол топ 3 ұпай алады)  

Кестедегі жасырылған  квадрат теңдеулермен байланысты сөздерді табу

1) 2а2-98=0                            -7:7

2)  1,2х2+х=0                         0; -5/6

3) у2-2,25=0                            -1,5;1,5

4) -3х2+27=0                             -3;3

5) 1,4с2-7с=0                             0;5

6)  (13а-8)(13а+8)=168а2             -8;8

7)  -12х2+12=0                           -1;1

8)  4х2-7х=0                                 0; 7/4

1)-7;7  

2)0;-5/6   3)-1,5;1,5   4)-3;3 

5)0;5  6)-8;8  7) -1;1 

8)0;7/4

И

В

О

Н

В

Л

А

-3;3

-1,5;1,5

-8;8

-1;1

-7;7

0;5

0;-5/6

Жауабы: 

1

2

3

4

5

6

7

в

а

в

и

л

о

н

ІІ топқа

Х

З

Ә

Р

Е

Л

О

М

-1,5;1,5

-1;1

-7;7

0;5

-8;8

О;-5/6

-3;3

0;7/4

Жауабы: 

1

2

3

4

5

6

7

8

Ә

л

Х

о

р

е

з

м

Тарихи деректерге тоқталып кетсек:

Қысқаша түсінік Квадарт теңдеуді шешу- бұл ерте заманда есептер шығаруда  жер учаскесінің ауданын табу, әскермен байланысты жер  жұмыстарын өткізу,  математиканы дамыту үшін  маңызды болған. «Квадраттық теңдеулер және оларды шешу тәсілдері

ерте заманнан белгілі . Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын өлшеу есептері вавилондықтарды квадраттық теңдеуді шешуге алып келген алгебраның атасы әл-Хорезм бұл теңдеулерді екі тәсілмен шешкен.Ол кезде бүгінгідей шешудің жалпы формуласы келтірілмегендіктен оны шешудің 6 түрін көрсеткен.»

Әл-Хорезмидің жазуы

Қазіргі жазылуы

1) Квадраттар түбірлерге тең

х2=вх

2) Квадраттар санға тең

х2=с

3) Квадраттар мен сан түбірлерге тең

х2+с=вх

4) Түбірлер санға тең

вх=с

5) Квадраттар мен түбірлер санға тең

х2+вх=с

6) Түбірлер мен сан квадраттарға тең

вх+с=х2

 

5. Енді «Квадрат теңдеу бізге неге керек» деген сұраққа жауап іздеп көрейік 

Келесі есептерге назар аударамыз және бұл тапсырманы үйде орындап келуге берілетін тапсырма

Геометрия:  Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екінші қабырғасынан 5см артық. Ауданы  36 м2. Тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар

Физика   Биіктігі  12м үйдің төбесінен лақтырылған тас қанша уақыттан кейін жерге тұседі?

S=   , S – тас түсетін қашықтық ),  t –түсу уақыты g= 10 м/с2 – еркін түсу үдеуі

12= 

5t2 = 12

t = 1,5с.

 3 Архитектура 

. Кез келген құрылысты салу

үшін  a × b тіктөртбұрыш тәрізді пішінді

қолданамыз. Егер оның биіктігі мен ұзындығының қосындысы мен биіктіктің  қатынасы ұзындығы мен биіктігінің қатынасына тең болса онда зәулім үйлер өте әдемі көрінеді. Осындай қатыасты алу заңын «Алтын бөлу» деп аталады.   қатынасы неге тең   қатынасын табу керек  = t =1 + =t, t2 – t – 1 = 0

t1= 1,618; t2 = - 0,618     = 1,618..

6.Тест есептері. Әр дұрыс жауап   1 ұпай

Тест  берілген. Аяқтаған соң топтар  жұмыстарын ауыстырып, бірін-бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды. Жауабы слайдта

1) Квадрат теңдеудің коэффициенттерін атаңдар: х2+6х-7=0  

А) а =1, в=6, с=-7      В) а =1, в=0, с=-7          С) а =1, в=6, с=7

2) Теңдеуді ах2+вх+с=0 түрінде жазыңдар. х(2х-3) = 5-4х

А) 2х2+х-5=0 В) 2х2-2х+5=0              С) 2х2-7х-5=0           

3) Теңдеуді шешіңдер: 7х2-21х=0

А) 0;3     В) 0; 21      С) 0;7

4) Теңдеуді шешіңдер: 4х2-9=0

А) -1,5;-1,5   В)-1,5; 0       С)

0;1,5

5) Теңдеуді шешіңдер: 5х2+6х=0

А) -1,2; 0        В) 0;1,2    С) -1,2 

6) Теңдеуді шешіңдер: 2х2=0

А) 0 В)-2; 0       С) 2 

7.Мақал – мәтелдердің көмегімен теңдеу құру.

Мен сіздерге мақал айтамын. Оның ішіндегі екі сан есім  арқылы  толымсыз квадраттық теңдеу құру керек?
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді.  6х2-4х=0
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.   7х2=0
Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.  1000х2+х=0
Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю.     30х2+40х=0
Қалтаңда жүз теңгең болғанша жаныңда жүз досың болсын   100х2=0

Жинақтау.
Біз толық қайталадық және практикада қалай қолдана алатындарынды көрсеттіңдер, енді осы алған білімдеріңді жинақтау үшін  тапсырмаларды топ басшысы жауаптарынды жауап парағына толтырамыз,  бағалаймыз. Сабағымызды қорытындылау үшін  Синквейн
(Бес жол өлең стратегиясы) қолданамыз:

 Зат есім: Не?                      Теңдеу

 Сын есім: Қандай?             Квадрат теңдеу

 Етістік: Не істеді?              Квадрат теңдеу шешіледі

 Синоним:                             Белгісізі бар өрнек,теңдеу

 Сөйлем:                                 ах 2+вх+с 0 түріндегі теңдеу квадрат

теңдеу болады.

  Рефлексия:
Маған не ұнады
Мен сабақтан өзіме не алдым
Сабақ маған несімен ұнады
Сабақ маған несімен ұнамады

Сендерді алдағы келе жатқан 1 желтоқсан алғашқы Президент және 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сендер бүгінгі сабақ арқылы «Ең басты қазына – ол білім» екеніне көз жеткіздіңдер. Әрқашанда  ең бастысы- байлық іздемей, білім  қазынасын  іздеңдер.Сонда көптеген нәрселерге қол жеткізесіңдер дегім келеді.

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст