"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16 желтоқсан - тәуелсіздік күні.

26.02.2018

16 желтоқсан - тәуелсіздік күні.

Мақсаты:  1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан күнімен, қазіргі жетістіктермен таныстыру, білімдерін кеңейту .
2. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, суреттер, ел рәміздері, презентация
Әдіс-тәсілі: Әдеби - музыкалық монтаж.
І.Гимн
ІІ.Кіріспе (мұғалім)
- Балалар, 16 - желтоқсан қандай мереке? - 16 желтоқсан тәуелсіздік күні.
- Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіңдер?

Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол

жеткізді. Бұдан артық қуаныш бар ма! Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Ұлттың да басты бақыты – осы.    Біздің бүгінгі сынып сағатымыз еліміздің өткені мен бүгінгісіне қысқаша  шолу жасауға арналған.
Қазақ елі 5 тарихи кезеңді басынан өткерді. Біз соның біріне тоқталамыз. (слайд)

Қазақстан көк байрақтың нұры едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын.
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар  берік ұстап туыңды
Жарқыратсын туған елдің таңбасын.

- Сол кезде неге қазақ студенттері алаңға шықты деп ойлайсыңдар?
-  Олар Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Москвадан әкелінген
Г. Колбиннің сайлануына қарсылық білдіріп, алаңға шықты. Мұның соңынемен аяқталғанын  білесің бе?
- Жастар алаңға жиналды. Аяз қысып, қыс қаһарын төгіп тұрса да, жастар қатарын сиретпеді. Оларды тарату үшін билік бар білген зұлымдығын жасап бақты. Оларға жала жапты. Ұлтшыл, нашақор деп кінә тақты. Жүздеген адамдар жарақат алды. Ұсталғаны сотталды. Сол екі күн күллі әлемді дүрліктірді. Бірнеше күн Алматы қаласының барлық қалаларымен байланысы үзілді.  Сол кездегі желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар - нағыз қаһарман, ержүрек, адамдар еді. Себебі олар тәуелсіздік жолында жандарын

аямай ата-баба  аңсаған арманын ту етіп алаңға шықты (слайд ) Осындай қайсар рухты аға -

апаларымызға құрмет көрсету, олардың ерлігін үлгі ету біздің міндетіміз.
« Желтоқсан желі» әні

      Ер жастарымыздың ерлігінің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.(слайд)
     Қазақстан

республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін. Бүгін Тәуелсіз  мемлекет болған  Қазақстан Республикасының  өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.. Мемлекеттік рәміздерді

құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.(слайд)

                        (Оқушылардың тақпақтары)

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – 

  «Біз бақытты балдырған» әні

ІІІ. Ойлан тап
1 минут ішінде қысқа – нұсқа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру.
1. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ба?( иә)
2. Елтаңбаның авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев па?(жоқ)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков пе? (иә)
4. Тұңғыш Президент күні 4 желтоқсан ба? (жоқ)
5. . Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында қырын бүркіт, күн, ұлттық ою - өрнек бейнеленген бе? (жоқ)
6. Бәйтеректің биіктігі 97 метр ме? (иә)
7. Мен патриотпын атты сынып сағаты өтті ме? (иә)
8 Мұқағали Мақатаев  ақын ба? (иә)
Ү. Математика
Логикалық сұрақтарға кезектесіп жауап беру
1. Үш дос шахмат ойнап отыр. Олардың әрқайсысы 2 партия ойнаса, барлығы неше партия ойнайды? (3 партия)
2. Апта күндерінің қайсысы "ма" буынымен аяқталады? (жұма)
3. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша? (қыздар екеу, ұлдар екеу!
4. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға оралды.

Мұзайдында қанша бала болды?
5. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяқтары бар жануарда неше аяқ бар? (4)
6. Шортан, алабұға және табан балықтарды сатып алды. Шортан табан балықтан ауыр, ал табан алабұғадан ауыр. Қай балық ең жеңіл? (алабұға)
 Арнайы сұрақ 2 топқа бір сұрақ қойылады. Кім бірінші шеше, сол жеңіске жетеді.
"Қ" әрпінен басталып, "қ" әрпінен аяқталатын елдің атын атаңдар.
Туған жерім Қазақстан – ұлы Отан дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды   қорытындылаймыз!

 

Просмотров: 646


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст